Ресейде терракт жасамақшы болған қос қазақстандықтың өліміне қатысты ақпаратты ҰҚК тексеріп жатыр

Сурет: gov.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресейдегі лаңкестікке қарсы операция кезінде қос Қазақстан азаматының көзі жойылғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейлік ведомство мәліметі бойынша, олар Ресей Федерациясының аумағында теракт жасауды ұйымдастыру кезінде өлтірілген.

"БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекетену кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың Қазақстан азаматтары екендігі, олардың Ресейде болғаны расталады. Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Тексеру шаралары РФ Федеральды қауіпсіздік комитетінің ынтымақтастық арнасы аясында тығыз байланыста жүзеге асырылуда". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайтыны да нақтыланады.

Қазақстан
Ресей
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды