Семейде жоғалып кеткен әпкелі-інілі бір үйдің балалары әлі табылмай жатыр

Сурет: primeminister.kz
Абай облысында 7 сәуірде Семейде әпкелі-інілі бір үйдің балалары жоғалып кеткен болатын. 21 сәуірде облыстық полиция департаменті олардың әлі табылмай жатқанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Семейде полицейлер мен құтқарушылар Әбішевтердің жоғалған ағасы мен әпкесін іздеуді жалғастыруда.Өзен арналарында іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жастар көп жиналатын жерлерде іздестіру шаралары жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.

Берілген нұсқаулыққа сәйкес, жоғалғандар - 2005 жылы туылған Алтынай Әбішева және 2008 жылғы Абзал Әбішев.

Өңірлік ведомсвто мәліметінше, олар 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласындағы Восточный левый елдімекеніндегі үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.

Алтынайдың белгілері: бойы - 160-165 см, дене бітімі - арық, шашы - қара. Үстінде етегі тізеге дейін жететін жасыл болон курткасы, қара түсті футболкасы, қара түсті кроссовкасы бар.

Абзалдың белгілері: бойы - 175-180 см, дене бітімі - арық, шашы -  ашық түсті, оң көзінің астында тыртығы бар. Үстінде - қара түсті жеңсіз күртеше, көк түсті футболка, қара түсті джинсы, қара түсті кроссовка.

Егер аталған жасөспірімдердің орналасқан жерін білгендер болса, 102 телефон нөміріне хабарласу сұралады. 

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды