Астанада блогерлер қымбат жол талғамайтын көлікке бассейн орнатқан

Сурет: pxhere
Астаналық блогерлер аптап ыстықта қалай амалдап жүргенін көпке көрсетті. Осы мақсатта олар көлік ішін бассейнге айналдырып, суға шомылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Блогерлердің елең еткізер видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алайда, Астанада жүріп жүрген көлік ішіндегі "бұл рәсім" көп адамға ұнаған жоқ.

"Біздің блогерлер неге ақылға қонымды нәрсені көрсете алмайды? Дағдарысқа ұшырататын емес, дамытатын адамды. Сіздің алтындай уақытыңыз бен күш-жігеріңіз бір мезеттік қызыққа жұмсалғаны, өкінішті. Шүрім-бүрімге бас ауыртатын адам сырттай аянышты көрінеді", деп жазыпты пікір қалдырушылардың бірі.

Ал кейбірі блогерлердің бұл тапқырлығын жоғары бағалап, әзіл-шыны аралас олардың қауіпсіздік белдігін тағуды ұмыт қалдырғандарын еске салды.

Өз кезегінде Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл видеоны назардан тыс қалдыра алмапты.

"Tank автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп нақтылады ведомстводан.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін