29 шілдеде Zakon.kz редакциясына елордалық полиция департаменті бұған дейін соққыға жығу фактісіне сәйкес, "Ұрып-соғу" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жүргізіп жатқандарын жеткізді.
"Дегенмен ҚР ҚК-нің 68-бабына, яғни "Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату" бойынша қылмыстық теріс қылық жасаған адам егер жәбірленушімен, арызданушымен медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды қалпына келтірсе, онда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады", - деді полиция.
Сондай-ақ, ведомство тараптар өз құқықтарын пайдаланып, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы өтініш жазғанын атап өтті.
"Сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы шешім қадағалаушы органмен бекітілді", – деп нақтылады полициядан.
Бұған дейін желіде Астанада көшеде көлік жанында әйелді шашынан сүйреп, басынан ұрып, тіпті оны тепкілеуге тырысқан ер адамның видеосы тараған. Содан кейін ол көлігіне мініп кетіп қалады. Кейіннен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны ер адамның азаматтық жұбайы екені белгілі болды.