Абай облысында психикалық ауытқуы бар адамдарды жұмысқа жеккен мекеме директоры сотталатын болды

Сурет: Zakon.kz
№1 Семей арнайы қызмет көрсету орталығы директорының қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан төрт тұлғаны шаруа қожалығында құрылыс жұмыстарына қанау фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл факт мамандандырылған жабық медициналық-әлеуметтік мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі уәкілетті органдар жұмысының тиімділігі мәселесі бойынша үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында жария етілді.

Абай облысы прокуратурасының хабарлауынша, қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ҚР ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары (адам саудасы) бойынша тергеген. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды.

"Сонымен қатар, мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері техникалық қызметкерлердің орнына қамқорлықтағыларды пайдаланып, үй-жайды тазалауға мәжбүрлеп, тамақ дайындауға баулап, әрекетке қабілетсіз адамдарды заңсыз әрекеттерге тартып, есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған (сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде)", делінген хабарламада.

Облыс прокуроры өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтарын қорғау, прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Мемлекет басшысы: Қазақстанда үш жылда 3 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған