Ат тепкен пони. Желідегі видеоға қатысты полиция түсініктеме берді

Сурет: pixabay
Желіде қатыгездікке ұшыраған жануар - понидің видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодан ат үстіндегі ер адамның автомобильдер мен қоғамдық көліктер арасымен кетіп бара жатқанын әрі мойнындағы жібінен ұстап, қасына пониді ертіп алғанын көруге болады. Бұл арада ертіп барады дегеннен гөрі, сүйреп бара жатыр деген дұрысырақ секілді. Өйткені жіптің қысқалығынан пони жылқымен сүйкене жүруге мәжбүр. Ал бұл жылқыға тым ұнап тұрған жоқ, сондықтан арасында ат пониды аямай қайта-қайта тебеді.

Видео авторының айтуынша, бұл - Алматыдағы орталық саябақта балаларды қыдыртатын жылқылар.

Аталған оқиғаға қатысты Zakon.kz редакциясына қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

"Бұл факт әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында анықталды. Тексеру жүргізілді, нәтижесінде аталған іс-әрекеттің Мақатаев пен Жетісу көшелерінің қиылысында орын алғаны анықталды. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабы және 407-1-бабы бойынша жауапқа тартылды", - деді полициядағылар.

Сондай-ақ, ер адаммен жануарларға жауапкершілікпен және ұқыпты қарау жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілгені нақтыланады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды