Келтірілген шығын - 30 млн теңге. "Пәтер алып беремін" деп елді алдаған елорданың екі тұрғыны сотталды

Сурет: freepik
Астана қаласының прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған елорданың екі тұрғынына қатысты мемлекеттік айыптауды қолдады. Сот олардың әрқайсысына үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылы 12 қыркүйекте Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.

"Сот үкімімен кінәлілердің әрқайсысы үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, үкім заңды күшіне енді. Материалдық залал сотталғандардан өндірілді", делінген хабарламада.

Алаяқтар "Отбасы банкінде "ипотекалық қарызды тиімді шарттармен ресімдей аламыз" деп жәбірленушілерді жалған ұсыныспен қызықтырғандары анықталды.

Мысалы, алаяқтар жәбірленушілердің біріне "Отбасы банк" АҚ-ға бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 8 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеуді ұсынған. Сонымен қатар, несие ипотекалық қарызбен бірге қайта қаржыландырылатыны туралы жалған мәліметтер берген.

Кінәлі тұлғалар өз әрекеттерінің заңды екенін көрсету мақсатында жеке кәсіпкерлік ашып, кеңсе бөлмесін жалға алып, ал бұл көзбояушылық 27 жәбірленушінің зардап шегуіне мүмкіндік бергенін сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы дәлелдеді.

 Келтірілген шығын 30 млн теңгеден асты.

Қала прокуратурасы елорда тұрғындары мен қонақтарын мұқият болуға, ұсынылатын қызметтердің дұрыстығына көз жеткізуге, жалған байланыстар мен таныстар сылтауымен тиімді мәмілелер ұсынатын адамдарға сенбеуді ескертеді, себебі бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.

Алаяқтардан сақ болыңыз
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді