Астанада пара алды деген айыппен мемлекеттік кірістер органының бөлім басшысы сотталды

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ЖШС директорынан пара алды деген айыппен мемлекеттік кірістер бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, азамат Т. Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бөлім басшысы лауазымын атқара отырып, қарамағындағылар арқылы ЖШС директорынан артық төленген қосылған құн салығын қайтарғаны үшін 3 600 000 теңге көлемінде пара алды деп айыпталады.

Сотталушының кінәсі өзінің қылмыстық әрекетін мойындауымен, куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және іс материалдарымен дәлелденді.


"Сотталушы жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстың ауырлығын, мемлекеттік қызметшілерге деген сенімді түсіргенін және оған нұқсан келтіргенін, сондай-ақ жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескере отырып, сот оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады", делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ, сот іс бойынша анықталған ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларға назар аударылып, тиісті шараларды қабылдау үшін Астана қаласы бойынша МКД басшысының атына жеке қаулы шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі