Құлсарыда екі бала бесінші қабаттың балконында қамалып қалып кеткен

Сурет: Zakon.kz
Құлсары қаласында полицейлер бесінші қабаттың балконында қамалып қалып кеткен балаларды құтқарды. Олардың бірі төрт жаста, екіншісі алты жаста болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде аумақты патрульдеу барысында учаскелік полиция инспекторлары жоғары қабаттан жылаған балалардың дауысын естіген. Анықтау барысында балалардың бесінші қабаттағы балконда жалғыз қалғандары белгілі болды. 


"Полицейлер көпқабатты үйдің сыртқы жабынын жөндеуге арналған баспалдақтар арқылы пәтерге өткен. Өзге әріптестері жанама баспалдақтың құлап кетпеуі үшін ұстап тұрған. Полиция капитаны Дархан Әжіғұлов 4 және 6 жастағы бүлдіршіндер қауіпсіз жерге шығарды. Балалардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды