Қазақстанда автожолдарды жіктеу ережелері жаңартылды

Көлік министрінің м. а. 2024 жылғы 29 қазандағы бұйрықпен халықаралық және Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жіктеу ережелері мен шарттарын, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін жаңа редакцияда бекітті.

Ережеге сәйкес, Халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастыратын, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына республиканың және көрші мемлекеттердің ірі әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, сондай-ақ халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын қоспағанда, қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады.

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін жол органы жүргізеді.

Ұлттық оператор халықаралық немесе республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жол органына оны Тізбеге енгізу үшін ұсыныс береді.

Жол органы Ұлттық оператордың ұсынысын қарағаннан кейін, Заңға сәйкес Тізбеге тиісті өзгеріс енгізеді.

Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атауы және индексі бар.

Автомобиль жолдарының индексі латын әліпбиінің әріптерінен және цифрлар тобынан тұрады. Автомобиль жолдары индексіндегі сандар индекс әріптерінен кейін беріледі.

Автомобиль жолдарының атауына бастапқы және соңғы елді мекеннің, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердің атауы кіреді.

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері келесі халықаралық келісімдерде белгіленген:

Халықаралық автомобиль жолдары маршруттардың учаскелері өзара қайталанған жағдайда, олар "Е" және "АН" индексі бар жол белгілерімен немесе "Е" индексі бар жол белгісімен бірлесіп белгіленеді. Автомобиль жолының бір маршруты басқасына ауысқан немесе басқа маршруттармен қиылысқан кезде автомобиль жолдарының халықаралық және республикалық маршруттарының тиісті жол белгілері кіру немесе жол айрығы алдында, сондай-ақ олардан кейін орнатылады.

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін латын әліпбиінің "KАZ" және "KZ" әріптерінен индекс белгіленеді:

Автомобиль жолдарының тізбесімен, атауларымен және индекстерімен сілтеме арқылы танысуға болады.

Бұйрық 2024 жылғы 12 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: