Әрекетке қабілетсіз адамдардың зейнетақысын алуға қалай рұқсат алуға болады

Еңбек министрлігі "әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу және мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекітті.

Ереже әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның тұрғылықты жері бойынша келесі құжаттармен қоса өтінішті тапсыру керек:

Мемлекеттік қызмет – электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде, тегін көрсетіледі.

Өтініш беруші мүлікке билік ету, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша рұқсат алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

Үшінші тұлғалардың өтініші сенімхат бойынша беріледі.

Сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы мынадай құжаттар ұсынылады:

Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтінішке тиісті құжаттар қоса беріледі.

Құжаттарды "электрондық үкімет" порталы арқылы берген кезде құжаттар электрондық көшірмелер түрінде ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті беруші қажетті құжаттарды тексергеннен кейін екі жұмыс күні ішінде мүлікке билік ету, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу және сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе бекітілген нысан бойынша әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы бұйрық шығарады.

Құжаттарды қараудың және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.

Қағидалар сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін белгілейді.

Бұйрық 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: