Биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен 20-дан астам қазақстандық құжат алды

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен 20-дан астам қазақстандық құжатпен қамсыздандырылды. Олардың ең үлкені – 110 жаста. Оңай Бекбаева Түркістан облысы Жетісай ауданында тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жақында ол құжат алу үшін көші-қон қызметінің көмегіне жүгінді. Облыс полицейлері жаңа жыл қарсаңында өңірдің ең қарт тұрғынына жаңа жеке куәлік пен төлқұжатты тапсырып, қал-жағдайын біліп қайтты.

Полицейлер келген кезде әжей сәлемдесе алмады, бірақ балалары қонақтарды қуана қарсы алды.

Оңай апа үш қызы мен екі ұлынан 33 немере мен 25 шөбере тәрбиелеп отыр. Әжейдің ұлдары мен қыздары полицейлердің көрсеткен ықыластарына алғыстарын білдіріп, халықтың тыныштығын қорғау саласындағы қиын қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің мәліметіне сүйенсек, биыл Қазақстанда 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен 2,5 миллион төлқұжат берілген.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Айта кеткен жөн, денсаулығы нашарлаған және күнделікті жүріп тұруы қиын адамдарға көші-қон қызметтері тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев