Қазақстанда жолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтері артты

Фото: Zakon.kz
Көлік министрінің м. а. 2025 жылғы 7 ақпандағы бұйрықпен жаңа редакцияда Астана, Республикалық маңызы бар қалалар көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мысалы, Астанадағы ағымдағы жөндеу 1 км-ге 9 684,43 мың теңгені құраса, күтіп-ұстау дәл осы шақырымға 8 278,68 мың теңге көлемінде бекітілді. 

Алматыда ағымдағы жөндеуге 8 531,86 мың теңге, ал күтіп-ұстауға 7 582,68 мың теңгеден бөлінді. 

Шымкентке келсек, ағымдағы жөндеу жұмыстары 1 км аумаққа 5 991,72 мың теңгені құрайды, күтіп-ұстау жұмыстары болса 5 121,99 мың теңге көлемінде. 

Облыстарда жөндеу құны (мың теңгемен):

Жолдарды жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтеріне оның ішінде, автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға арналған шығындар да кіреді. 

Қаржыландыру нормативтері ені 3,5 метр болатын 1 км көше үшін келтірілген. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін талап етілетін параметрлерінің нормативін есептеу үшін автомобиль жолдарының мынадай санаттары бойынша саралау коэффициенттері қолданылады:

Нормативтер 2023 жылғы бағада ҚҚС-сыз келтірілген. ҚҚС тиісті жылға арналған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде қабылданады.

2023 жылғы базалық бағадан ағымдағы деңгейге көшу АЕК өзгеру индексі арқылы жүзеге асырылады – жоспарланған жылдың АЕК-нің 2023 жылдың АЕК-не қатынасы. АЕК мөлшері бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленеді.

Салудан, реконструкциялаудан, орташа, күрделі жөндеуден кейін кепілдікте тұрған автомобиль жолдарының учаскелерінде қаржыландыру нормативтеріне - 0,75 төмендету коэффициенті қосымша қолданылады. Жол төсемелерінің конструкциясын қалпына келтіру жұмыстары салу, реконструкциялау, орта, күрделі жөндеу мердігерінің есебінен орындалады.

Бұйрық 2025 жылғы 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды