Алимент бойынша 5 млн теңге қарызы бар ақмолалықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сурет: polisia.kz
Бірнеше жыл бойы өз баласына алимент аудармаған Степногорск қаласы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оның қарызы 5 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі 34 жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алғанын жеткізді. Бұрынғы жұбайының айтуынша, ер адам 2021 жылдан бері сот белгілеген төлемдерді төлемеген.

"Кәмелетке толмаған балаларды немесе сот шешімінде көзделген материалдық қолдауға мұқтаж басқа адамдарды асырауға алимент төлемеу елеулі құқықтық салдарға әкеліп соғады. ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабында қоғамдық жұмыстарға 600 сағатқа дейінгі мерзімге тарту түріндегі жаза не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделеді", - деп түсіндірді тәртіп сақшылары.

Бұған дейін Өскеменде алимент төлемеген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді