Қазақстанға саяхаттап келген Нидерланды туристері қолайсыз жағдайға тап болған

Сурет: видеодан алынды
Қазақстанның көрікті жерлерін тамашалауға келген Нидерланды азаматтары — ерлі-зайыпты Винсент пен Кристинге полицейлер көмек көрсетті. Өз кезегінде шетелдік туристер тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, Ұлытау облысында қызмет атқару барысында патрульдік полиция инспекторлары Жеңіс Аманбек пен Дәулет Кенжебай жол жиегінде тұрған автокөлікті байқайды. Белгілі болғандай, туристер нөсер жауын мен навигатордың істен шығуына байланысты көлікті тоқтауға мәжбүр болған.

"Полицейлер оларға жол жүру ережелері мен сақтық шаралары жайлы кеңес айтып, бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар олар шетелдік азаматтарды қажетті мекенжайға дейін жол көрсетіп барды", делінген полиция хабарламасында.

Көрсетілген жанашырлық пен қолдауға дән риза болған Винсент пен Кристин тәртіп сақшыларына шынайы алғыстарын жеткізді.

Бұған дейін Астанада полицей Ресей азаматына 59 жылдан кейін анасын табуға көмектескенін жазғанбыз

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты