Алматы облысында айып тұрағына қойылған жүк көлігі бөлшектеліп, тоналған

Сурет: unsplash
Алматы облысы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде айып тұрағындағы тәркіленуде тұрған мүліктерді тонау фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, жалпы құны 100 млн теңгеден астам тұратын "Volvo FH" маркалы жүк көлігі әкімшілік іс бойынша тәркіленіп, мемлекет кірісіне өндірілуі керек болған.

"Алайда, тұрақта тұрған кезде аталған жүк көлігі бөлшектеліп, ұрланған. Сонымен қатар, тәркіленуге жататын басқа да мүлікті жасыру фактісі ашылды.  Қылмыстық іс аясында құны 8 млн теңге болатын "Mercedes E350" маркалы көлік күдіктінің әкесіне тапсырылған. Кейіннен сот бұл көлікті мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарған.  Бірақ соттың шешіміне қарамастан, күдіктінің әкесі  көлікті жасырып қойған", делінген Алматы облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Анықталған бұзушылықтар туралы сотқа дейінгі тергеу органдарына түпкілікті шешім қабылдау үшін құжаттар жолданды.  

Бұған дейін Оралда терминалдан ірі көлемдегі ақша ұрланғанын жазғанбыз.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді