Сотта 2024 жылдың желтоқсан айында сотталушы К. өзінің үйінде 1 млн теңге ақша қаражатының жоғалғанын анықтап, оны өзінің асырап алған ұлынан көргені анықталды. "Ақшаны алмадым" деген ұлын әйел адам ағаш оқтаумен де сабаған. Келесі күні колледж оқытушылары баланы ауруханаға апарады. Сараптама қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмаған М-ның денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлердің айғақтарымен және сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен дәлелденді. Сотталушы кінәсін толық мойындады. Жәбірленуші М. асырап алған анасына ешқандай шағымы жоқ екенін, оны кешіретінін, бірақ онымен бірге өмір сүргісі келмейтінін айтты.
"Сот үкімімен сотталушы К. ҚК 108-1-бабы 2-бөлігінің тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ К-ның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді. Атап айтқанда, 3 ай бойы жәбірленушінің еркінен тыс жәбірленушіні іздеуге, оның ізіне түсуге, оған баруға, ауызша және телефон арқылы сөйлесуге, онымен басқа да тәсілдермен байланысуға тыйым салынды".Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі
Үкім заңды күшіне енді.