Павлодарда Даңқ мемориалы жанында билеген қыздардың ата-аналарына қомақты айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда Даңқ мемориалы жанында ыңғайсыз би билеп, әлеуметтік желіде "жұлдызға" айналған қыздардың ісіне нүкте қойылды. Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қыздардың ата-аналарына айппұл салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 2 мамырда сағат 16:00 шамасында кәмелетке толмаған төрт қыз Павлодар қаласындағы Жеңіс алаңында болып, Даңқ мемориалы жанында әдепсіз би билеп, оны видеоға түсірген. Кейін бұл бейнероликті әлеуметтік желіге жүктеген. Г., Ж., А., К. кәмелетке толмағандардың ата-аналары тәрбие бойынша өздері тиесілі міндеттерін орындамаған. Олардың әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 55 мың теңгеден айыппұл тағайындалды", делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ сот А. мен К-ны ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 19 267 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ. 

Бұған дейін олардың үлкендері - 17 және 16 жастағы екі қызға сот үкімі шыққан болатын.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті