Астанада құны 25 млн теңге болатын 5 тонна насыбай өртелді

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласы аумағында аудандық әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының рейдтік іс-шаралары барысында тағы 5 тонна насыбай тәркіленді. Бұл өнімнің жалпы құны 25 миллион теңгеден асады. Тәркіленген барлық өнім жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, насыбайды жою акциясы өндірістік база аумағында өтті.

"Ол медициналық қалдықтарды утилизациялауға арналған арнайы қондырғыда жойылды. Бұл – Қазақстанда "жасыл" технологиялар мен жабдықтар тізіліміне енгізілген жалғыз қондырғы. Ол "Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы" КЕАҚ тізілімінде бар. Осыған орай, насыбай секілді шегілмейтін қоспаларды термиялық жолмен жою қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Процесті арнайы комиссия бақылады", - дейді әкімдіктегілер.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Рейдтік іс-шаралар барысында елорданың алты ауданындағы 500-ден астам сауда орны тексерілді. Полиция департаменті мен аудандық әкімдіктердің қызметкерлері шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 100-ден астам дерегін анықтады. Барлық өнім тәркіленіп, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдтердің нәтижесінде құқық бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 196-бабына сәйкес 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салына отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

Барлық өнім оқиға орнында тәркіленеді.

Бұған дейін елордада полицияның кальян шегу бойынша 3500-ге жуық құқық бұзушылықты тіркегені хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі