Астанадағы ЖОО-лардың бірінде студент қыз өлі күйінде табылды

Сурет: Zakon.kz
Астанада Назарбаев Университеті жатақханаларының бірінде студент қыз өлі күйінде табылды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі Назарбаев Университеті жатақханаларының бірінен 24 жастағы қыздың мәйітінің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Тексеру басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Сондай-ақ Назарбаев Университетінің әкімшілігі аталған жағдайды ерекше бақылауға алынғанын хабарлап, қайғылы оқиғаға байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Университет мәліметінше, қазіргі уақытта оқиға бойынша құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен психологтер тартылған.

Сондай-ақ университет пен марқұмның туыстары жалған немесе расталмаған ақпарат таратпауға шақырады. Жақындары бұл қайғылы жағдайды бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлік топтарда жарияламауды сұрайды.

Бұған дейін Алматы маңындағы жол апаты салдарынан бір отбасы мүшелері қаза тапқанын жазғанбыз

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды