Астанада ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған шетел азаматы ұсталды

Сурет: polisia.kz
Елордада полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстанда ұзақ жылдар бойы тұрып келе жатқан, ықтиярхаты бар шетел азаматын ұстады. 49 жастағы ер адам қаладағы коммуналдық қызметтердің бірінде жұмыс істеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, тінту кезінде одан 80-нен астам түйіншек табылып, тәркіленді. Атап айтқанда, күдіктінің қол сөмкесінен – 40, автокөлігінен – 8, ал тұрғылықты жерінен – 35 түйіншек шықты.

"Сараптама қорытындысы бойынша, олардың барлығы жалпы салмағы 80 грамнан асатын синтетикалық есірткі – мефедрон екені анықталды. Сонымен бірге пәтерінен заңсыз әрекетке пайдаланылған электронды таразылар, зип-пакеттер және мобильді телефон табылды. Күдіктіге қатысты есірткі заттарын сақтау және өткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек, ол есірткі қолданғаны үшін де жауапкершілікке тартылып, қамауға алынды". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

Полиция есірткі заттарының заңсыз айналымы аса ауыр қылмысқа жататынын ескертеді. Бұл үшін қатаң қылмыстық жаза қарастырылған.

Елорда полицейлері азаматтарды тыйым салынған заттарды тарату деректері бойынша дереу 102 нөміріне хабарлауға шақырады. 

Бұған дейін Ақтау әуежайында ірі есірткі партиясымен бірге ер адам ұсталғанын жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі