Шымкентте журналистке тілін шығарған судьяға қатысты арнайы комиссия шешім шығарды

Сурет: Facebook/Ботагоз Омарова
Шымкентте Судья әдебі жөніндегі комиссия қылмыстық соттың төрағасы Әбінұр Қарабаевқа қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылы 18 тамызда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша процесс барысында судья Әбінұр Қарабаев журналистке тілін шығарған. Аталған жайтты назарға алған қалалық сот судьяның әрекеті арнайы комиссия қарайтынын мәлімдеген.


"Судья әдебі жөніндегі комиссия  судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты тексеру материалдарын ҚР Жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқасына қарауға жолдау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, судья Қарабаев оған шағымдануға құқылы", делінген хабарламада.

Бұған дейін Антикордың Шымкенттегі департамент басшысы қызметінен кеткенін жазғанбыз.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі