OLX-тен ұялы телефон сатып алмақ болған көкшетаулық бозбала алаяқтардың тұзағына ілінді

Сурет: pixabay
Көкшетауда полицейлер жергілікті колледждердің біріндегі 15 жастағы студенттің алаяқтар тұзағына түскенін анықтап, тергеп-тексеру жүргізу жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 қарашада Ақмола облысының полиция департаменті хабарлағандай, жасөспірім OLX онлайн-алаңынан ұялы телефон сатып алу туралы шешім қабылдайды, бірақ ол алаяқтардың тұзағына тап болады.

Болған оқиғаны бозбаланың анасы полицияға хабарлады. Белгілі болғандай, алаяқтар алдын-ала төлем жасағаннан кейін телефонды жолдауға уәде беріп, жасөспірімнен ақша алған, бірақ содан кейін байланыс үзілген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Құқық қорғау органдары мұндай схемалар интернеттегі алаяқтықтың ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылатынын тағы бір мәрте еске салады. Қаскөйлер жоқ тауарларды сату туралы өтірік хабарландырулар жариялайды, құрбандарды арзан бағамен және жылдам жеткізу туралы уәдемен қызықтырады.

Полиция азаматтарды онлайн-сатып алу кезінде мұқият болуға, сатушыларды тексеруге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырады. Ата-аналарға кәмелетке толмаған балалары мен қарт туыстарының интернет төлемдерін бақылап отыру ұсынылады.

Бұған дейін Өскеменде жол жөндеуге бөлінген 120 млн теңге пәтер мен көлік алуға жұмсалғаны хабарланған.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Қазақстандықтар үшін маңызды мобильді қосымшаларға тәулік бойы тегін қолжетімділік қамтамасыз етіледі

Қазақстан полициясы дрондарды басқаруға үйрететін арнайы зертхана ашты

Түркияда жасырынып жүрген интернет-алаяқ Қазақстанға қайтарылды

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды