Астанада гашиш саудасының арнасы әшкереленді

Сурет: polisia.kz
Елордада жүргізілген жедел іс-шаралар барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған шетел азаматы ұсталды. Тінту кезінде одан өзіне тән иісі бар, өсімдік тектес зат салынған қағаз қорап табылып, оның гашиш екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі заты тәркіленіп, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәркіленген есірткіні сатуға қатысы бар тұлға анықталды. Оның 57 жастағы жүк тасымалдаушы болып жұмыс істейтін елорда тұрғыны екені белгілі болды. Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту кезінде шамамен 6 келі гашиш табылды. Сатуға дайындап қойған 10 қаптама есірткі заты мен 110 қағаз орам, сондай-ақ өлшеуге және буып-түюге арналған таразы мен құралдар тәркіленді. Ер адам есірткі заттарын таныстары арқылы орамдарды сатып алушыларға қолма-қол беріп отырған. Барлық тәркіленген зат айғақ ретінде алынды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды", делінген полиция хабарламасында.

Полиция есірткі заттарын сақтау, сату және тарату үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Айта кетсек, 2025 жылы 1 қарашада Орал қаласының тұрғынынан полицейлер 12 келі есірткі затын тәркілеген болатын. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

Астанада қар жауып, көктайғақ болады, ал оңтүстікте күн жылынады

Ақмола облысында полицейлер жоғалған 86 жастағы қарияны іздеп тапты

15 қарашадан бастап осы үш жұлдыз белгісінің өмірінде жақсы өзгерістер болуы мүмкін

Алматыда өрт шығып, қаланы қою қара түтін басты