Астанада бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгертілді

Сурет: polisia.kz
Астанада жеті жол қиылысындағы бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғаларын талдау нәтижесі бойынша режим түзетілгеннен кейін ЖКО саны азайған. Енді қызыл сигнал барлық бағыттар үшін 4 секундқа бір мезгілде жанатын болады, маневрді жасауға қауіпсіз аяқтауға және жол қиылысын босатуға мүмкіндік береді.

"Мысалға Қараменді би Шақаұлы мен Земляничная көшелерінің қиылысында бұған дейін 28 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бағдаршам режимі өзгертілгеннен кейін мұнда жол-көлік оқиғасы фактісі орын алмаған. Әрбір жол-көлік оқиғасы жеке талданады, жол параметрлері мен жағдайы зерттеледі, кейін жол инфрақұрылымын түзету бойынша шаралар қабылданады", делінген хабарламада.

Сондай-ақ осындай ЖКО-лардың қайталануына жол бермеу үшін ЖКО орын алған жерлерде де, қаланың басқа көшелерінде де құқық бұзушылықтарды заманауи техникалық кешендер арқылы тіркеу күшейтілуде.

Елорда полициясы жол қозғалысы ережелерін сақтау – сіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігінің кепілі екенін ескертеді.

Жыл басынан бері Астанада 1700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Мәселен, 2020–2024 жылдар аралығында айналма жолдың – Қарағанды тасжолынан Көкшетау тас жолына дейінгі учаскесінде 89 жол-көлік оқиғасы орын алса, оның салдарынан 16 адам қаза тауып, 102 адам жарақат алған. Аталған учаске Алматы – Екатеринбург халықаралық транзиттік бағытының бөлігі болып табылады. Жол-көлік оқиғалары, көбіне қарсы бағытқа шығу, қауіпті маневр жасау және жылдамдық режимін арттыру салдарынан орын алған. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында тұтас жолақтың ұзындығы ұлғайтылды, жылдамдықты төмендету белгілері орнатылды, "Сергек" камералары енгізілді, сондай-ақ белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асырғандарды тіркейтін "Екин - Патруль" экипаждары жұмысы жолға қойылды. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін