Қазақстандықтар зейнетақы қаражатын пластикалық операцияларға пайдалана алмайды: бұйрыққа қол қойылды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 желтоқсанда емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесінен операциядан кейінгі тыртықтарды және туа біткен ақауларды түзетуге, сондай-ақ мастэктомиядан кейін жүргізілетін қалпына келтіру және реконструктивтік (пластикалық) операциялар алып тасталды.

Осылайша, енді зейнетақы жинақтарының артығын төмендегі ем түрлеріне жұмсауға болады:

Аталған бұйрық 2025 жылғы 28 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін, 2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап портал арқылы зейнетақы жинақтарын пластикалық операцияларға пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ, осы жылдың қараша айында Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын тіс пен көзді емдеуге пайдалануына да шектеу енгізгені туралы жазған едік.

Қазақстан
БЖЗҚ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған