2026 жылы қандай жаңа заңдар қабылданады

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 30 желтоқсанда өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылы қабылдануы қажет заңдар туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Олжас Бектеновтің айтуынша, 2026 жылы Үкімет заң шығару саласында экономикалық және әлеуметтік маңызды бағыттарға назар аударады.


"Бағыттардың бірі – мемлекеттік мүлікті басқаруды одан әрі жетілдіру. Мемлекеттің экономикадағы қатысу шекараларын нақты бекіту және басқаруға қойылатын құқықтық талаптарды айқындау қажет. Біз қызметкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін нығайту үшін нормативтік базаны жетілдіру бойынша белсенді жұмысымызды жалғастырамыз. Сонымен қатар заңнамалық бастамалар мұнай-газ-химия өнеркәсібін жүйелі және кешенді дамытуға көмектесетін болады", – деді премьер-министр.

Келесі жылы барлығы 12 заң жобасын әзірлеу жоспарланып отыр.

Еске салсақ, 2025 жылғы 29 желтоқсанда Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген Құрылыс кодексіне түзетулерді мақұлдады. Құжат толық көлемде Парламент арқылы қабылданған болып есептеледі және Мемлекет басшысына қол қоюға жолданады.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік