Қазақстандықтар құқық бұзушылықтың алдын алуға тікелей қатысады: заң жарияланды

Фото: pexels
Мемлекет басшысы қол қойған "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" заң жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдар мен азаматтардың құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары:

Азаматтарды құқық бұзушылықтың алдын алуға тарту құқық қорғау органдарына ерікті түрде көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысуға ниет білдірген азамат құқық қорғау органына өтініш беріп, оған жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса тапсырады. Азамат өмірі мен денсаулығын сақтандыру куәлігінің көшірмесін де ұсынуға құқылы.

Құқық қорғау органы азаматты наркологиялық, психоневрологиялық және өзге де есептер бойынша тексеріп, тиісті құжаттармен бірге жергілікті атқарушы органға ұсыныс жолдайды немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде жауап береді.

Жергілікті атқарушы орган жеті жұмыс күні ішінде ұсынысты қарап, азаматты қоғамдық көмекші ретінде тіркейді және бұл туралы құқық қорғау органына хабарлайды.

Құқық бұзушылықтың алдын алуға мына азаматтар жіберілмейді:

Қоғамдық көмекшілердің құқықтары мен міндеттері

Қоғамдық көмекшілер:

Сонымен қатар қоғамдық көмекшілер:

Қоғамдық көмекшілерге құқық қорғау органдарының айрықша құзыретіне кіретін қызметті атқаруға, өкілеттігін иемденуге, заңды әрекеттерге кедергі келтіруге тыйым салынады.

Ішкі істер органдары қоғамдық көмекшілерге құқықтық дайындық ұйымдастырады.

Заңда құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын азаматтарды ынталандыру шаралары да көзделген.

Сонымен қатар отбасын қолдау орталықтарын құру қарастырылған. Бұл орталықтар отбасыларға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетумен айналысады, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және зардап шеккендерді есепке алу жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ жылжымалы топтар құру көзделген.

Бұл топтар:

Құқық бұзушылықтың жеке алдын алу шараларына мыналар жатады:

Аталғандай, құқық бұзушылықтың жеке алдын алу шараларын қолдану туралы шешім мүдделі тұлғалар тарапынан шағымдануы мүмкін.

Сонымен бірге "ресми ескерту" ұғымы енгізіледі. Бұл — уәкілетті мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның лауазымды адамы тарапынан жеке тұлғаға қоғамдық тәртіпке қарсы мінез-құлықты жалғастыруға жол берілмейтіні немесе құқық бұзушылыққа себеп болған жағдайларды жою қажеттігі туралы жазбаша нұсқама.

Ресми ескерту тұлғаға қол қойғызу арқылы жарияланады, ал қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы тиісті белгі қойылады.

Құқық бұзушылықтың жеке алдын алуына жауапты лауазымды тұлға ресми ескерту жарияланғаны туралы сол адамның жұмыс (оқу) орны бойынша жұмыс берушіге немесе тұрғылықты жері бойынша азаматтардың өзін-өзі басқару органына хабарлауға құқылы.

Ресми ескерту жарияланған адам уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан профилактикалық есепке қойылады.

Ресми ескертудің қолданылу мерзімі — оны тапсырған күннен бастап 30 тәулік.

Осы мерзім ішінде уәкілетті тұлғалар ресми ескертудің орындалуын айына кемінде екі рет бақылап отырады.

Ресми ескертуді бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Бұдан бөлек, жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу шарасы қолданылады.

Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу мына тұлғаларға қатысты жеке алдын алу шарасы ретінде қолданылады:

Бұл шара ішкі істер органдары тарапынан соттың санкциясымен қолданылып, аталған тұлғаларды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде 30 тәулікке дейін уақытша оқшаулауды көздейді.

Заңда сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қарастырылған.

Аталған шаралар психикалық немесе мінез-құлық бұзылыстары бар, психобелсенді заттарды қолдануға байланысты ауруларға шалдыққан, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға сот шешімімен қолданылады.

Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жіберу соттылыққа әкеп соқпайды.

Заңның толық мәтінімен танысуға болады.

Еске салайық, 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" заңға және онымен байланысты екі заңға қол қойған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды