Қайырымдылық саласында құрметті атақ беру ережесі жаңартылды

Фото: assembly.kz
Премьер-Министр орынбасарының – Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы бұйрығымен қайырымдылық саласында құрметті атақ беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ережелер жаңа редакцияда көрсетілген.

Құрметті атақ Қазақстан Республикасының аумағында қоғамға пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті (демеушілік, меценаттық, филантропиялық, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметті) жүзеге асыратын қайырымдылық субъектілеріне (қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары және қайырымдылық волонтерлері) конкурс негізінде беріледі.

Құрметті атақ келесі салаларды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі:

Құрметті атақтар беру жөніндегі ұсыныстарды (ұсыныс) қабылдау туралы хабарландыру қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның (уәкілетті орган) ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында тиісті жылдың 1 тамызынан кешіктірмей орналастырылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар 1 қыркүйекті қоса алғанда жыл сайын уәкілетті органға мына тәсілдердің бірі арқылы тапсырады:

Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:

Құрметті атақты алғаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде қайта ұсынылуына жол берілмейді.

Қайырымдылық субъектілері тек бір бағыт бойынша құрметті атақ беруге ұсынылады.

Үміткер құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті орган құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жұмыс тобы мүшелеріне оған бағалау жүргізу үшін жолдайды.

Үміткер осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды толық топтамасын ұсынбаған кезде уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде үміткердің электрондық поштасына құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкес келтіру туралы хабарлама жолдайды.

Үміткер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жетіспейтін құжаттарды ұсынады.

Құрметті атақ берудің ұсынымдары 2 (екі) кезеңмен қаралады.

1 (бірінші) кезеңде уәкілетті орган құрметті атақ беруге үміткерлердің құжаттарын бағалауды жүргізу үшін құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жұмыс тобының құрамын қалыптастырады және бірінші басшының бұйрығымен бекітеді.

Жұмыс тобы мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, құрметті атақ берудің тиісті бағыттары бойынша сарапшылар қатарынан тұрады.

Әр бағыттағы жұмыс тобы мүшелерінің саны кемінде 3 (үш) адамды құрайды.

Жұмыс тобының құрамына Комиссияның мүшелері кірмейді.

Жұмыс тобының құрамы бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган жұмыс тобының мүшелеріне электрондық пошта арқылы үміткерлердің құжаттары мен бағалау парақтарын жолдайды.

Мүдделер қақтығысы туындаған кезде жұмыс тобының мүшесі үміткерлердің құжаттарын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде туындаған мүдделер қақтығысы туралы уәкілетті органды еркін жазбаша нысанда хабардар етеді және жұмыс тобының құрамынан шығаруға жатады.

Хабарлама уәкілетті органға қағаз және (немесе) электронды нысанда жіберіледі.

Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның жұмыс тобының басқа мүшесінде туындау мүмкіндігі туралы ақпарат болған кезде ол туралы ақпарат уәкілетті органның назарына жеткізілуге тиіс.

Уәкілетті орган мүдделер қақтығысы туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жұмыс тобының мүшесіне қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы шешім қабылдайды және жұмыс тобының жаңа құрамын бекітеді.

Жұмыс тобының әр мүшесі уәкілетті органнан құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтыра отырып, төменде көрсетілген өлшемшарттар бойынша үміткерлердің құжаттарын 0-ден 5 балға дейін зерделейді және бағалайды:

Әрбір критерий бойынша балдар жинақталады және жалпы балл қойылады.

Уәкілетті орган жұмыс тобы мүшелерінен электрондық пошта арқылы жіберілетін бағалау парағын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бағалау парақтарын тексереді және әрбір бағыт бойынша жұмыс тобы мүшелерінің бағалауларының жалпы қорытындыларын жеке шығарады.

Уәкілетті орган бағалаудың жалпы қорытындыларын шығарған кезде үміткерлердің бағалау парағын мынадай көрсеткіштер бойынша жалпы балын айқындайды:

2 (екінші) кезеңге жалпы орташа балдың жоғары және орташа көрсеткіші бар үміткерлер өтеді.

Құрметті атақ беру Комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен, сарапшылар мен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарынан қалыптастырылады.

Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.

2 (екінші) кезеңде уәкілетті орган тексеру рәсімі аяқталған және бағалаудың жалпы қорытындылары шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссияның құрамың қалыптастырады және уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітеді.

Үміткерді бекіту туралы шешім жұмыс тобы мүшелерін бағалаудың жалпы қорытындыларын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Комиссияның отырысында қабылданады.

Мүдделер қақтығысы туындаған кезде Комиссия мүшесі жұмыс тобы мүшелерін бағалаудың жалпы қорытындыларын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссия төрағасын екінші кезеңге өткен үміткерлермен мүдделер қақтығысының бар екендігі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

Комиссияның басқа мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаға жағдайда, ол туралы ақпарат Комиссия төрағасының назарына жеткізілуі тиіс.

Мүдделер қақтығысының туындағаны немесе туындау мүмкіндігі туралы хабарлама алғаннан кейін Комиссия төрағасы Комиссия мүшесінің өзіне қарсылық білдіруге (өздігінен бас тарту) немесе Комиссияның басқа мүшесіне қарсылық білдіруге бастамашылық жасайды.

Шеттету туралы шешім оның мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру жолымен қабылданады және Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.

Уәкілетті орган қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы хаттаманы алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссия құрамын қайта қарайды.

Комиссия жұмыс тобы мүшелерін бағалаудың жалпы қорытындылары негізінде жеке ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен құрметті атақ беруге үміткерді бекіту туралы шешім қабылдайды.

Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қояды.

Құрметті атақ "Қайырымдылық үшін" төсбелгісімен белгіленеді.Құрметті атаққа ие болған адамдарға осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген сипаттамаға сәйкес төсбелгі табыс етіледі.

Құрметті атаққа ие болған адамдарды есепке алуды Уәкілетті органның Персоналды басқару қызметі жүзеге асырады.

Бұйрық 2026 жылғы 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды