Жетісу облысының полицейлері жүкті шетелдік әйелді шұғыл перзентханаға жеткізді

Сурет: pixabay
Алматы – Өскемен тас жолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шетелдік нөмірлі автокөлікті байқаған. Көлік тізгініндегі Тәжікстан Республикасының азаматы патрульді көре сала тоқтап, тәртіп сақшыларына жұбайының толғағы басталғанын жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Полиция капитаны Ринат Рақымбеков пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Аубакиров бір сәт те ойланбастан, көлікке жол бастап жүру туралы шешім қабылдады. Жарық және дыбыс сигналдарын қосып, экипаж автокөлікті Сарқан қаласындағы ең жақын перзентханаға дейін қауіпсіз әрі жедел түрде жеткізді", делінген полиция хабарламасында.

Жүкті әйелдің дәрігерлерге аман-есен тапсырылғанына көз жеткізген соң, тәртіп сақшылары қызметтерін жалғастырып, тас жолда патрульдеуге қайта кірісті.

Бұған дейін Астанада агрессивті сталкердің ісі немен тынғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады