Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған. Алты сағатқа жоспарланған марафон барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты талқыланады.
"Ток-шоу" және "Сараптау: бұрын және қазір" алаңында 100-ге жуық спикер "Жаңа Конституция: өзгерістердің мәні", "Жаңа Конституцияның Преамбуласы", "Егемендік пен Тәуелсіздік - бәрінен қымбат", "Человек в центре государственной политики", "Заң және тәртіптің үстемдігі мемлекет қызметінің негізгі қағидаты", "Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау", "Семья и брак", "Құрылтай ықпалы: құзыреті мен міндеті", "Қазақстан Халық кеңесі", "Ұлттық заңнама мен халықаралық шарттардың арақатынасы", "Волонтерская деятельность", "Экологиялық мәдениет пен жауапкершілік" тақырыптары бойынша пікір алмасып, конституциялық өзгерістердің әр азаматтың өміріне әсері туралы айтады. Сонымен қоса, Конституция жобасына бей-жай қарамаған отандастарымыздың жолдаған ұсыныстарының Конституция баптарында қалай көрініс тапқаны туралы айтылып, халықтың тілегі ескерілген құжаттың жаңа жобасы таныстырылады.
Спикерлер қатарында ҚР Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Ермұрат Бапи, Мұрат Әбенов, Асхат Аймағамбетов, Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының директоры Құралай Садықова, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева және өзге де қоғам өкілдері бар.
Онлайн-трансляция
Іс-шара республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook платформалары арқылы тікелей эфирде көрсетілуде.
2026 жылғы 11 ақпанда Конституциялық комиссия Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды. Конституциялық комиссияның төрағасы-Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова талқылау қорытындысы бойынша комиссия жаңа Конституцияның жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынғанын атап өтті.
Кейін президент жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, республикалық референдум 15 наурызда өтеді.
12 ақпанда азаматтар мен сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып пысықталған және республикалық референдумға шығарылған Конституция жобасы жарияланды.
Республикалық референдумды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман ұсынды. Ол жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша референдумда қанша қазақстандық дауыс бере алатынын айтты.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, референдум өткізу үшін шығатын шығыстардың алдын ала есебі 20,8 млрд теңгені құрады. Ол 2026 жылға арналған республикалық бюджетте бұл қаражат көзделмегенін, сондықтан қаражат Үкімет резервінен бөлінетінін атап өтті.