Емтихансыз жүргізуші куәлігін алмақ болған қыз ірі сомасынан айырылып, алаяқтардың тұзағына ілінді

Сурет: pexels
Тасқала ауылының тұрғыны емтихансыз жүргізуші куәлігін алмақ болып, алаяққа алданып қалды. Жәбірленуші жүргізуші куәлігін алуға көмектесетін әйел туралы әріптесінен естіп, оған телефон арқылы байланысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың мәліметінше, екеуі өзара келіскен соң, көмегі үшін алдын-ала 385 000 теңгені екі бөліп аударған. Алайда, уәде етілген қызмет көрсетілмей, ақшаны алған әйел байланысқа шықпай қойғандықтан, алданған қыз полицияға арыз жазуға мәжбүр болған.

"Тәртіп сақшыларымен күдікті ретінде анықталып ұсталған 38 жастағы әйел Орал қаласынын тұрғыны өзінін жасаған алаяқтығын мойындап, қылмысқа ақшаға мұқтаж болғандықтан барғанын түсіндірген. Тасқала аудандық соты сотталушының кінәсін мойындауын және өкінуін, сондай-ақ асырауында кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескере отырып, оны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жазасының барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілеумен бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады", делінген сот хабарламасында.

Бұған қоса сотталған жәбірленушіге ақшасын қайтаруға міндеттелді.    

Бұған дейін Алматыда жалға алынған тұрғын үйден жасырын фитозертхана анықталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты