Көкшетауда күйген шаштың мәселесі сотқа дейін жетті

Сурет: pexels
Көкшетау қалалық соты бьюти-индустрия саласы қызметінен зардап шеккен тұтынушыны жақтады. Әйел күйген шашына әрі осыған байланысты келтірілген психологиялық залалдың өтемақысын талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылдың қаңтарында Көкшетау қаласында азаматша О. сұлулық салонына барып, шебер К-мен шашын бояу қызметін көрсету туралы келісім жасаған. Қызмет ақысы ақша аудару арқылы төленген.

Алайда сапасыз бояу салдарынан азаматша О-ның шашына зиян келтірілді: шашы қатты зақымданып, күйіп қалған. Екі күн өткен соң, О. салдарды жою мақсатында басқа сұлулық салонына шұғыл жүгінуге мәжбүр болған.

Сот азаматша О-ның талап қоюын келесі негіздермен қанағаттандырды:

Тұтынушы ретінде О-ның құқықтары бұзылған. Шашының сапасыз боялуының салдарынан ол шағым жасауға мәжбүр болып, даулы жағдайды реттеу барысында күйзеліс пен уайымға түскен, сыртқы келбетін жасыруға мәжбүр болған және бүлінген келбетіне байланысты психологиялық жайсыздық сезінген.

Сот шешімімен О-ның талап қоюы қанағаттандырылып, К-дан О-ның пайдасына 37 мың теңге келтірілген залал, сапасыз көрсетілген қызметтің салдарын түзетуге жұмсалған 19 мың теңге шығын және 25 мың теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 2026 жылғы 8 маусымда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апаты бойынша іс қаралып, айыпталушы Александр Пак пен оның достарының жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын дәлелдейтін маңызды бейнежазбалар зерттелді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Құламбаева WTA 250 турнирлерінде екінші апта қатарынан жартылай финалға шықты