Алматыда рейд жүріп жатыр: 127 автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеме жасап, бүгінгі таңда мегаполисте "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатқанын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, аталған іс-шара барысында жолаушыларды тасымалдау қағидаларының сақталуына, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне, сондай-ақ заңсыз қайта жабдықтау және заңсыз тасымалдау фактілерін анықтауға ерекше назар аударылуда.

Жүргізіліп жатқан тексерулер нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 900-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Сонымен қатар 127 автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Ең жиі анықталған құқық бұзушылықтардың қатарында жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамау және көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау деректері бар.

Алматы қаласында полиция тасымалдаушылар мен жүргізушілерді қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға, жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Жолаушылардың қауіпсіздігі – басты басымдық.

Бұған дейін 10–14 маусым аралығында ішкі істер органдары еліміз бойынша жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланатын көлік құралдарын анықтау және жолын кесу мақсатында республикалық рейдтік іс-шаралар өткізгені хабарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады - синоптиктер

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

"Ректор гранттары". Отандық ЖОО-лар қанша өзіндік білім беру грантын ұсынды