Астанада заңсыз ет өңдеу цехының қызметі тоқтатылды

Сурет: pixabay
Елордада жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйлердің бірінде заңсыз жұмыс істеген ет өнімдерін өңдеу цехын анықтады. Тексеру барысында өндірістің ешқандай рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дайын өнімдер қаланың жеке дүкендері мен дәмханаларына жеткізіліп отырған. Демек, бұл өнімдер кез келген уақытта елорда тұрғындарының тұтынуына түсуі мүмкін еді.

"Тексеру кезінде шығу тегі мен сапасы белгісіз үш тоннадан астам ет өнімі анықталды. Сондай-ақ өнімдердің санитариялық талаптар өрескел бұзыла отырып өндірілгені және сақталғаны белгілі болды. Температуралық режим сақталмаған, ет антисанитариялық жағдайда сақталған. Өнімнің бір бөлігінде бүлінудің айқын белгілері байқалған: өткір жағымсыз иіс шыққан, шыбындар қаптаған және тағам ретінде пайдалануға жарамсыз екенін көрсететін өзге де белгілер анықталған. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде анықталған барлық өнім жойылды. Заңсыз цех иелері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полиция санитариялық талаптарды бұза отырып азық-түлік өнімдерін заңсыз өндіру мен өткізудің азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін еске салады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді

"Сынап бағаны 47 градусқа дейін көтеріледі". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі тергелуде

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

ШҚО-да дүкенге тауар тасымалдаушы ер адам көшеде қайтыс болды