Павлодар облысында борышкерлердің 200 миллион теңгеден астам айыппұлы кешірілді

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында әкімшілік рақымшылық 19 мыңнан астам іске қатысты қолданылды. Нәтижесінде азаматтарға қатысты жалпы сомасы 200 миллион теңгеден асатын 19 061 әкімшілік іс бойынша атқарушылық өндіріс тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 25 шілдеде Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны ұзақ уақыт бойы отбасылық жағдайына байланысты бірнеше әкімшілік айыппұлын төлей алмай келген.

"Мен үшін бұл рақымшылық – жаңа мүмкіндік. Отбасылық жағдайыма байланысты айыппұлдарды уақытында төлей алмадым, бұл маған үлкен қаржылық салмақ болды. Айыппұлдарымның кешірілгеніне қуаныштымын. Енді заң бұзбаймын және барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамын. Борышкерлер тізімінде болу – жақсы емес, ал қарыз адамның мойнындағы ауыр жүк сияқты", – дейді павлодарлық тұрғыны Игорь.

Әкімшілік рақымшылық – бұл бір реттік ізгілік шарасы. Ол азаматтарды алдағы уақытта жасалуы мүмкін құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды.

Бұған дейін көлік нөмірін картоннан жасап алған павлодарлық жүргізуші ұсталғаны хабарланған.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды