Аудиторларды аттестаттау ережелері өзгерді

Фото: freepik
Қаржы министрі 2026 жылғы 27 шілдедегі бұйрығымен аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауды өткізу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, аттестаттауға тіркелу үшін аудиторлыққа кандидат Комиссияға келесі құжаттарды ұсынатыны нақтыланды:

жоғары білімді растайтын келесі құжаттардың біреуі:

Сонымен қатар мыналарды ұсыну қажет:

Комиссия ұсынылған ақпаратты тексереді. Экономика және қаржы саласында өтелмеген соттылығы болған жағдайда аудиторлыққа кандидатты аттестаттауға тіркемейді.

Барлық құжаттар бір папкаға тігіледі, оның сыртқы бетінде: "Жеке іс № ___", аудиторлыққа кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), рәсімделген күні көрсетіледі.

Аттестаттауды өткізу күні кәсіби кеңестің интернет-ресурсында жарияланады және Комиссия белгіленген аттестаттау күнінен кемінде екі ай бұрын кандидаттарға хабарлайды.

Аудиторлыққа кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

Бухгалтерлік есеп және аудит саласында келесі толық біліктіліктердің біріне ие аудиторлыққа кандидаттар: The Institute of Chartered Accountants in England and Wales (ICAEW) (ACA-ICAEW – Ассоциирленген дипломдалған бухгалтер), Association of Chartered Certified Accountants (ACCA) (ACCA – Дипломдалған сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығы) немесе ACCA біліктілігінің "Қаржы және бизнесті басқару" дипломы бар кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

Бухгалтерлік есеп және аудит саласында толық Chartered Institute of Management Accountants (CIMA) (CIMA – Дипломдалған басқарушылық бухгалтерлер институты) біліктілігі бар аудиторлыққа кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

Бухгалтерлік есеп саласында DipIFR ACCA (Diploma in the International Financial Reporting – халықаралық қаржылық есептілік бойынша диплом) толық біліктілігі бар аудиторлыққа кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

Адвокат немесе нотариус болу үшін біліктілік емтиханын тапсырған немесе аттестаттаудан өткен, не судья болу үшін біліктілік емтиханын тапсырған немесе лицензиясы бар аудиторлыққа кандидаттар "құқық" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылатыны көрсетілген.

ACCA (Ұлыбритания) "Қаржы және бизнесті басқару" дипломының келесі сертификаттары бар аудиторлыққа кандидаттар – "Бизнестің тиімділігін басқару", "Қаржылық есептілік", "Қаржылық менеджмент", "Аудит және ілеспе қызметтер", "Кәсіби этика" – тиісті емтихандарды тапсырудан босатылады.

"Аудитор" біліктілігін беру туралы шешім 10 жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде жарияланады:

Аттестаттаудан сәтті өткен тұлғаларға Комиссия шешімімен "аудитор" біліктілігін беру туралы куәлік және біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты көрсетілген аудитордың жеке мөрі беріледі.

Аудиторлыққа кандидаттың Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген пәндер бойынша алған оң нәтижесі нәтиже бекітілген күннен бастап кейінгі бес жыл ішінде жарамды деп танылады.

Сондай-ақ ҚР аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Оған сәйкес, Комиссия "аудитор" біліктілік куәлігін беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде "аудитор" біліктілігін беру туралы шешімді қазақ және орыс тілдерінде кәсіби кеңестің интернет-ресурсында жариялайды.

Аудиторлыққа кандидаттарды өткізілген аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия аттестаттаудан сәтті өткен тұлғаларға "аудитор" біліктілік куәлігін және "аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген аудитордың жеке мөрін береді.

Комиссия отырысының хаттамасы біліктілік куәліктерінің нөмірлері көрсетіле отырып және Комиссияға ұсынылған құжаттардың көшірмелерімен бірге шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жіберіледі. Бұл құжаттар бес жыл бойы сақталуға тиіс.

Бұйрық 2026 жылғы 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды

Шымкент – "Кітап оқитын ұлт" жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі

Көлік министрлігіне жаңа функциялар жүктелді