Туристік ақпараттық орталықтардың жұмыс ережесі бекітілді

Фото: пресс-служба акимата Алматы
Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 24 шілдедегі бұйрығымен туристік ақпараттық орталықтар қызметінің ережелері мен шарттары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туристік ақпарат орталығы (Орталық) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдігі құратын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік пен оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристік көрсетілетін қызметтерді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде ілгерілету үшін, сондай-ақ туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жағдай жасау және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында құрылатын ұйым болып табылады.

Орталық:

Туристік көрсетілетін қызметтерді халықаралық туристік нарықта ілгерілету кезінде Орталық Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында құрған ұйыммен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Көзделген өзара іс-қимыл Орталықтың құзыреті шегінде мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

Өтініштерді, дербес деректерді және өзге де ақпаратты өңдеуді Орталық Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау, ақпаратқа қол жеткізу және заңмен қорғалатын құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.

Орталық қызметінің шарттары мыналар болып табылады:

Орталық туристер үшін мынадай мәліметтердің қолжетімділігін оларды Орталықтың үй-жайында, Орталықтың және (немесе) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті әкімдігінің ресми цифрлық ресурстарында орналастыру, сондай-ақ кері байланыс арналары арқылы ұсыну арқылы қамтамасыз етеді:

Орталықтың жұмыс режимін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті әкімдігі туристер мен туристік қызмет субъектілерінің қажеттіліктерін, туристік ағынның маусымдылығын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің туристік әлеуетін ілгерілету жөніндегі іс-шараларды ескере отырып бекітеді.

Орталықтың жұмыс режимі, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістер туралы ақпарат Орталықтың және (немесе) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті әкімдігінің ресми цифрлық ресурстарында орналастырылады.

Орталықтың жұмыс режимін өзгерту туристік ағынның маусымдылығына, туристік әлеуетті ілгерілету жөніндегі іс-шаралардың өткізілуіне, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне, Орталықтың үй-жайына қолжетімділіктің уақытша шектелуіне, төтенше жағдайларға не санитариялық-эпидемиологиялық шектеулерге байланысты негізделген себептер болған кезде жүзеге асырылады.

Орталық туристік ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде ұсынады. Ұйымдастырушылық мүмкіндіктер болған кезде туристік ақпарат шет тілдерінде де ұсынылады.

Бұйрық 2026 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Темірлан Анарбековтың сейві "Қайратты" Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шығарды

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш жұмысшы қаза тапты

Алматыда алғаш рет электр самокаттарды орналастырудың бірыңғай ережесі енгізіледі