Ұлдананың үстіне кондиционер құламағаны рас па? Астанадағы фельдшер өліміне қатысты тың мәлімет жарияланды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астанада өткен жылдың соңында қайғылы оқиға орнында қасбеттің құлауына куә болған Дана Хасенова 2026 жылы 26 тамызда сотта жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға қатысты өз пікірін айтты.

"Кейін әлеуметтік желіде "кондиционер құлады" деген ақпарат шықты. Сол кезде мен таң қалдым. Өйткені мен оқиға орнына бірінші рет келгенде ешкімге көмек көрсетіліп жатқан жоқ еді. Ол арада дүкенге келген бір жас жігіт пен қыз болды, міне, солар алғашқы болып көмек көрсетті. Ал тағы бір жақта апайы телефон ұстап жүрді, ТЖМ, жедел жәрдемге қоңырау шалып, сөйлесіп жатқан секілді. Ана екі жас жігіт те көмектесіп жүрді. Басында оқиға орнында ешқандай ресми орган қызметкерлері болған жоқ. Яғни, мен "кондердің" төменде жатқанын басында көргенмін", – деді Хасенова.

Әйел адам басында "Кондиционерден тамған судан осынша ойық пайда бола ма" деген ой келгенін де мойындады.

"Кондиционер жедел жәрдем келгенге дейін бұрыннан бұрышта тұрған еді. Мен мұны анық білемін. Өйткені сол кезде "кондиционер қалайша осыншама әсер етуі мүмкін" деп ойлағанмын. Бастапқыда мен "кондиционер құлады" деп ойладым, өйткені бізде жалғыз "кондер" ғана бар. Ал ол маңнан өтіп бара жатсаңыз, одан тамған тамшының дауысын да естисің", – дейді куәгер.

Ол кондиционердің көрші ғимараттың қабырғасында болғанын да нақтылады.

Бұған дейін сот Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша қорғау тарапының өтінішхатын қабылдамағанын жазған едік.

Оқиға 2025 жылы 8 қарашада болған. Сол күні Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы бойында тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бір бөлігі құлап, бес адам зардап шеккен болатын.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр