Атап айтқанда, министрлікке өз құзыретіне кіретін міндеттерді орындау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер министрлікке заңдарда табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, алынған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке бағытталады.
Сонымен қатар ереже министрліктің мынадай жаңа функцияларымен толықтырылды:
- мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
- мемлекеттік заңды тұлғаларда басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы бекітеді;
- мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі қағидаларын үлгілік қағидалар негізінде бекітеді;
- өз құзыреті шегінде инвестициялар тартады және инвестициялық жобаларды сүйемелдейді.
Бірқатар функция жаңа редакцияда жазылды. Атап айтқанда, министрлік:
- астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу арқылы ағымдағы және болашақ кезеңдердегі мамандықтардың өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіби біліктіліктерді тануға қажеттілігін қалыптастырады;
- астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының су қорын қорғау және пайдалану саласында өздеріне жүктелген функцияларды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- реттелетін сала мәселелері бойынша астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
- Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
мынадай мәселелерді келіседі:
- су қоры жерлерінің құрамынан және су қорғау аймақтарының шегіндегі жер учаскесіне құқық беруді, жерге орналастыру жобасын және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді;
- аумақтарды қала құрылысы жоспарлаудың кешенді схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын;
- су қорын қорғау, су ресурстарын пайдалану және су шаруашылығы жүйелерін дамыту жөніндегі іс-шаралар бөлігінде астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларын;
- жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының немесе учаскелерінің тізбесін;
- балық аулау және акваөсірумен айналысу үшін конкурсқа шығарылғанға дейін су шаруашылығы және (немесе) гидротехникалық құрылыстары бар балық шаруашылығы су айдындарының немесе учаскелерінің тізбесін.
Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері, сондай-ақ аппарат басшысының өкілеттіктері мынадай тармақтармен толықтырылды:
- министрлік аппаратының басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- министрлікке қарасты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- Мынадай тармақ жаңа редакцияда жазылды:
- министрліктің ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- министрлікті Қазақстан Республикасының Құрылтайында, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда таныстырады.
- Құжат министрлік аппараты басшысының өкілеттіктерімен де толықтырылды. Атап айтқанда, ол:
- министрлікке жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
- өз құзыреті шегінде министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
- министрліктің, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
- министрліктің бірінші басшысымен келісіп, министрліктің штат саны лимиті шегінде министрліктің штат санын және штат кестесін бекітеді;
- министрліктің даму жоспарын іске асыру жұмысын ұйымдастырады;
- қажет болған жағдайда министрліктің ұзақ мерзімді, перспективалық, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекітеді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
- министрліктің бірінші басшысымен келісу арқылы бірінші басшы немесе оның орынбасарлары жетекшілік ететін министрлік департаменттері мен дербес басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын мемлекеттік қызметшілер бұл тәртіпке кірмейді;
- министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың немесе органдардың құзыретіне жататын мемлекеттік қызметшілер бұған кірмейді;
- министрліктің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
- қызметтік тәртіптің сақталуын бақылайды;
- еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғалар мен органдардың құзыретіне жататын мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, министрлік мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
- еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғалар мен органдардың құзыретіне жататын мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, министрлік мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу және оларға үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;
- министрліктің мемлекеттік сатып алулары саласына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
- министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды қамтамасыз етеді, бюджеттік өтінімді министрліктің бірінші басшысына ұсынады, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындайды;
- өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді;
- министрліктің саяси мемлекеттік қызметшілері қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Сонымен қатар лауазымдық міндеттерін орындау үшін аппарат басшысының жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар екені көрсетілген.
Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.