"ЭЦҚ мерзімін ұзартыңыз". Полиция алаяқтықтың жаңа бір түрі пайда болғанын ескертеді

Сурет: unsplash
Кибералаяқтар Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына жаңа тәсілмен қоңырау шала бастады. Қаскөйлер өздерін ХҚКО немесе eGov қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) қолданылу мерзімін ұзарту қажет екенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгіме барысында телефонның пернетақтасынан келісімін растау үшін "1" батырмасын, ал бас тарту үшін "3" батырмасын басуды сұрайды. Осыдан кейін азаматқа аталған ұйымдардың қызметкері ретінде хабарласады.

"Олар адамның басқан санына байланысты оның жеке кабинеті бұзылғанын және атына несие рәсімделгенін айтады. Алаяқтар жағдайды "реттеудің" жалғыз жолы - "айна" несие рәсімдеп, алынған қаражатты "қауіпсіз шотқа" аудару деп сендіреді. Шын мәнінде, бұл - алаяқтардың арбауына түсірудің жаңа тәсілі. Ақша қаскөйлердің бақылауындағы шоттарға аударылады. Соңғы күндері полицейлерге осындай 20-ға жуық қоңырау туралы ақпарат келіп түскен. Бұл - азаматтардың "102" арнасына хабарлаған фактілері", делінген полиция хабарламасында.

Облыс аудандарының бірінде тұратын 44 жастағы тұрғын алаяқтарға сеніп, 4 миллион теңгесінен айырылған. Қазіргі уақытта осы тәсілге қатысты басқа қылмыс фактілері тіркелген жоқ. Полицейлердің профилактикалық түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде көптеген тұрғындар алаяқтардың жаңа тәсілін танып, қоңырауларға сақтықпен қарай бастаған.

"ХҚКО және eGov қызметкерлері азаматтардан банк карталарының деректерін, шоттағы қаражат туралы ақпаратты немесе басқа да банктік құпия мәліметтерді талап етпейді. Мұндай қоңырауларға сенбеңіздер және бөгде адамдардың нұсқауы бойынша несие рәсімдеп, ақша аудармаңыздар". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Астанада бір алаяқ конкурсқа баратын домбырашы балалардың ақшасын иеленіп, жер сипатып кеткені хабарланған.

Петропавл
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды