Рақымшылық шарасы: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шығып үлгерді

Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған рақымшылық шарасын іске асыруда ағымдағы жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 5 мыңнан астам, ал пробация қызметтерінен 7 мыңнан астам ұсыным мен материалдар сот органдарына жолданды.

"Амнистияны жүзеге асыру нәтижесінде 8 мыңнан астам адамның (оның ішінде колонияларда жазасын өтеп жатқандар мен пробация есебінде тұрғандардың) жаза мерзімі қысқартылды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 1 400-ден астам адам босатылып, пробация қызметінің есебінен 1 600-ден астам адам шығарылды", делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство басшылығы бостандыққа шыққан азаматтарды әлеуметтік бейімдеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін нақтылайды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оларға құқықтық, медициналық, әлеуметтік және өзге де қажетті көмек көрсетіледі. Бұл шаралар бұрын сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және қоғамдық өмірге толыққанды оралуына бағытталған.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 15 наурызда өткен референдумда азаматтар дауыс берген жаңа Конституция 1 шілдеде күшіне енді. Сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстандағы амнистия туралы" заңға қол қойған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған