Таразда себепсіз жұмыстан шығарылған әйел өз құқығын қорғап, сот арқылы 1,6 млн теңге өндіріп алды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Таразда сот жұмыстан заңсыз шығарылған түзеу мекемесі қызметкерінің жағына шығып, құқықтарын қорғады. Әйел адам жұмысына оралып қана қоймай, едәуір өтемақы да өндіртіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл оқиға 2025 жылы мамырда белең алған. Хаттарды жеткізу және тасымалдау инспекторы болып жұмыс істеген азаматша Ж. аяқ-астынан жұмыстан шығып қалады. Жұмыс беруші оны жұмысқа келмеді деген себеппен жұмыстан шығарған.

"Талап қоюшы мекеме басшылығының бұл әрекеттерімен келіспей, оның жұмыста болмауы дәлелді себеппен, яғни ауруханада болудан туындағанын көрсетіп, сотқа өз құқықтарын қорғау үшін жүгінді", делінген сот хабарламасында.

Сот жауапкердің қызметкердің жұмыста болмау себептерінің дәлелсіз екендігі туралы уәждерін толығымен жоққа шығарды.

Сот келесі негізгі фактілерді анықтады:

"Сот шешімімен жұмыстан шығару туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды. Азаматша Ж. бұрынғы лауазымына қайта орналастырылды. Сондай-ақ мекемеден талап қоюшының пайдасына мәжбүрлі жұмыста болмаған уақыты үшін жалақысы және келтірілген моральдық зиянның өтемақысы өндіріліп, жалпы сомасы 1,6 млн теңгені құрады", - дейді облыстық соттан.

Шешім заңды күшіне енді.

Бұған дейін тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына өзгеріс енгізілгені хабарланған.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған