Қайғылы оқиға фактісін Павлодар облысының полиция департаменті растады. Кәмелетке толмаған баланың опат болуына әкеліп соққан жол оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Сондай-ақ полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін аумақтарда қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
Бұған дейін Алматыда жол апатынан 81 жастағы қария қаза тапқаны хабарланған болатын.