Мегаполситің бір бөлігінде полиция қызметкерлерінің назарына Nissan автокөлігі ілікті. Көлік тоқтатылған кезде жүргізуші мен жолаушылар полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге әрекет жасаған, деп хабарлайды 20 қыркүйекте қалалық ПД баспасөз қызметі.
"Заңды талаптарға бағынуға кедергі келтіруге тырысқанына қарамастан, көліктегі барлық адам ұсталып, полицияға жеткізілді.Медициналық куәландыру жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғанын растады.Қазіргі уақытта осы факті бойынша тексеру жүргізілуде. Әр қатысушының әрекетіне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі", делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін Алматыда жол апатынан 81 жастағы қария қаза тапқаны хабарланған болатын.