Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау қағидалары өзгерді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 20 қазандағы бұйрығымен интернатурада медицина кадрларын даярлау қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, қағидалар жаңа редакцияда бекітілді.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік бюджет есебінен интернатурада медицина кадрларын даярлау денсаулық сақтау саласында жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысында белгіленген орын санынан тыс интернатурада медицина кадрларын даярлау оқу шығындарын толық өтей отырып, шарт негізінде жүргізіледі.

Денсаулық сақтау саласында интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ЖЖОКБҰ) интерн-дәрігерлерді қабылдау және мамандықтар бойынша топтар құру ұйымның бірінші басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Бұл рәсім ағымдағы жылдың 28 тамызынан кешіктірілмей жүргізіліп, тиісті ақпарат денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға 1 қыркүйекке дейін ұсынылуы керек.

Оқу процесі академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі және білім беру бағдарламалары негізінде ұйымдастырылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша интернатурада оқитындарға стипендия төленеді.

Интернатурада медицина кадрларын даярлау тәлімгерлердің жетекшілігімен жүргізіледі.

Академиялық демалыс интерн-дәрігерлерге амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде беріледі. Оның ұзақтығы ауруына байланысты 6 айдан 12 айға дейін болуы мүмкін. Сондай-ақ әскери қызметке шақыру туралы повестка алған, бала туған немесе үш жасқа толғанға дейін баланы асырап алған жағдайда академиялық демалыс беріледі.

Білім алушыларға академиялық демалыс беру тәртібін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы айқындайды.

Интернатурадағы медицина кадрларын даярлау клиникалық базаларда, санитариялық-эпидемиологиялық практика базаларында, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларында және университеттік ауруханаларда жеке жоспар, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Интернатурада білім алушы жеке жоспарына сәйкес:

Жеке оқу жоспарының талаптарын орындамаған бітіруші курс білім алушылары жазғы семестрден өтпей, қайтадан бір жыл оқуға қалдырылады.

Интерн-дәрігерлерге академиялық кезеңдер (семестрлер немесе оқу жылы) арасында демалыс беріледі. Бітіруші курсты қоспағанда, оқу жылы ішіндегі демалыстың ұзақтығы кемінде жеті апта болуы керек.

Білім беру бағдарламасының сапасына мемлекеттік бақылау қорытынды мемлекеттік аттестаттау түрінде жүзеге асырылады.

Интернатурада білім алушылардың білімі мен дағдылары ағымдағы және аралық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау арқылы бағаланады. Бақылау мен аттестаттаудың нысандарын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы айқындайды.

Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жүргізіледі.

Интерн-дәрігерлер оқу барысында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес:

Бұйрық 2026 жылғы 3 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды