Қазақстанда алкогольге ПИН-код беру тәртібі өзгереді

Фото: pexels
Қаржы министрінің 2026 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өнімдеріне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын (ПИН-код) беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, қағидалар жаңа редакцияда бекітілді.

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары Қазақстанда өндірілетін немесе ел аумағына әкелінетін этил спиртін, құйма шарапты және алкоголь өнімдерін (сыра қайнату өнімдерінен басқа) өндірушілер мен импорттаушыларға беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштер мен оның нәтижелері енді "Азаматтарға арналған үкімет" арқылы емес, Qoldau.kz порталындағы цифрлық жүйе арқылы рәсімделеді.

Өтінішті қарау мерзімі — түскен күннен бастап екі жұмыс күні.

Этил спирті мен құйма шарапқа қатысты өтініш өндіріс немесе импорт басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын берілуі керек. Жүйеде техникалық ақау туындаған жағдайда, қызмет көрсетуші 30 минут ішінде қолдау қызметіне жүгінуге тиіс.

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруден мынадай жағдайларда бас тарту көзделген:

Көрсетілген жағдайларда ПИН-код беруден бас тартылса, өтініш беруші оны беру туралы өтінішті қайта тапсыра алады.

Бұйрық 2026 жылғы 3 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды