Астана тұрғыны көлігіндегі жазулар үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Сурет: unsplash
Астанада полиция сыртына біреулер жаман сөздер жазып кеткен автокөліктің иесін анықтап, қамауға алды. Сот оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбақ-сайбақ жазу басқан автокөліктің видеосын Threads-тегі "Жалобы Астана" парақшасында жарияланды. Көліктің бүтін сыртына, тіпті әйнектеріне де ақ бояумен жазулар түскен. Ол арадан "урод" (ұсқынсыз), "изменщик" (сатқын), "тварь" (хайуан) деген орысша сөздерді кездестіруге болады. Жарияланым авторы бұл екі жастың қарым-қатынасын айшықтайтын шытырман оқиға болуы тиіс деп болжайды.

Көп ұзамай Есіл аудандық полициясы автокөлік иесін анықтағанын мәлімдеді.

"Айналасындағыларға көрініп тұрғандай, балағат әрі нақақ сөздер сипатында қорлау жазулары бар көлікпен жүрген елорда тұрғыны анықталды", делінген полиция хабарламасында.

Мамандандырылған сот ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне (ұсақ бұзақылық) сәйкес, көлік иесін 10 тәулікке қамауға алды.

Бұған дейін Қазақстанда көлік ағынын интеллектуалды деңгейде басқару жүйесі енгізілгелі жатқаны хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды