Қазақстанда көлік ағынын интеллектуалды басқару жүйесі енгізіледі
Фото: Zakon.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 6 қазанда Үкімет отырысында бірыңғай цифрлық көлік жүйесін құруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, урбанизацияның жеделдеуі көлік инфрақұрылымына түсетін жүктемені арттырып отыр.
"Көлік министрлігіне ұлттық ауқымдағы бірыңғай цифрлық көлік жүйесін құру қажет. Бұл жүйе көлік активтерін толық есепке алуды қамтамасыз етіп, қозғалысты нақты уақыт режимінде басқаруға, жүктемені болжауға және ықтимал тәуекелдерді алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Ірі қалаларда жекелеген жол кептелістеріне әрекет етуден көлік қозғалысын жүйелі басқаруға көшу керек", – деді Бектенов.
Ол мұның азаматтардың жүріп-тұру мүмкіндігіне, қауіпсіздігіне және қала ортасының сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті.
"Көлік министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, екі ай ішінде ірі қалалардағы көлік ең көп жүретін учаскелерді анықтап, сол жерлерде көлік ағынын интеллектуалды басқару жүйесін пилоттық режимде іске қосуы қажет. Нәтижесі бойынша ең тиімді шешімдерді кеңінен енгізуді қамтамасыз ету керек", – деп қосты Премьер-министр.
Бұған дейін Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірыңғай ұлттық цифрлық экожүйе әзірлеуді тапсырған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript