Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.k

Келісімге 2025 жылғы 15 қарашада Ташкент қаласында қол қойылған.

Заңның мақсаты – кеден ісі мәселелері бойынша мемлекеттердің кеден қызметтерінің мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету.

Келісімде ақпарат алмасуды жеделдету, қауіп-қатерлердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі шараларды келісу, сондай-ақ тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында екі мемлекеттің құзыретті органдарының әрекеттерін үйлестіру көзделген.

Келісім ережелерін іске асыру кеден ісі саласындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға, сондай-ақ тәжірибе және кедендік ақпарат алмасу бағытында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі